Тарихқа айппен емес, байыппен қарау керек. Тарих деген өткенмен кектесу үшін емес, болашақпен беттесу үшін де керек. Осылай деген Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі қалам ұстағандарды өткенге сыйластықпен қарауға, Қазақ арыстарын бір-біріне қарсы қоймауға шақырды. Тарихшылар зерттеу жұмыстарын да ар алдында адал атқарып, халық ертеңі үшін дұрыс жасауы керек дейді.
ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Тұлғалар туралы сөз қозғағанда әдептен озбайық. Ірілерімізді алаламайық. Барымызды бағалайық. Өркениет мәдениеттен басталады. Алаш арыстарының көбі қайда жерленгені белгісіз. Тіпті ұлт ұстазы Ахаңның қайда жатқанын білмейміз. Жақында Алматы іргесінде Жаңалық ауылында 160 адамның сүйегіне зерттеу жүргізіп, генетикалық талдау арқылы 50 адам дерегі анықтылды. Қаражат бөлінсе, Ахмет Байтұрсынлв, Ілияс Жансүгіров туралы деректер нақтылатын еді».