Тасқыннан зардап шеккен Атырау облысындағы Құлсары қаласының халқы үкімет төлейтін өтемақымен мүлдем келіспейді. Ашынған халық далада түнеген.  Өтемақыны әр мүлік үшін шаршы метріне 400 мың теңгеден бермесе кетпейміз деп талап қойып отыр қараша. 

Бұл Құлсарылық тұрғындардың барлығының дерлік үйлері тасқыннан зардап шеккен. Айтар базыналары үкімет өтемақыны әр шаршы метріне 400 мың теңгеден төлесін. Берілетін мардымсыз қаражатқа үй салу да, алу да мүмкін емес.

ТОЛҚЫН ҚОЖАХМЕТОВА ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Үйім метр жарымға кетті, халықпен бірге менің де халықтың да талабы шаршы метріне 400 мыңнан жалпы шаршы метріне есептелу керек, егер тек тұрғын шаршы метрмен есептеу деген болмайды. Қолымызға ақша берілсін, счетқа салынсын, әркім өзі үшін өзі салып алады, көшетіні көшеді. 400 мыңның ішіне бәрі кіріп отыр. Талабымыз сол. 80- ге келген әжелер жүр. Бәрі бағаны біледі, түсінеді. Осы жерде отырған 1000 халықтың талабы осы». 

НҰРСҰЛУ СЕРҒАЛИЕВА ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Беріп тұрған бағаларына ешқандай қанағат жоқ. Халық жиналып тұр. Түнімен отырдық. Талабымызды орындасын, әр шаршы метріне 400 мың беруді талап етіп отырмын». 

Тұрғындар түнімен далада түнеген.  Құлсары қаласы, Жылыой ауданында су басқан 2 920 үйдің 2 906-ы топан судың астында қалған. Бүгінгі таңда 2 667 тұрғын үй-жай техникалық бағытта тексеріліп, 2 622 тұрғын үйге бағалау жүргізілді. Ал,зардап шеккен  3904 тұрғынға 100 пайыз мөлшерде біржолғы төлем берілді дейді жергілікті әкімдік. 

ЖҰМАБЕК ҚАРАЖАНОВ ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Қазіргі таңда Жылой ауданы, Құлсары қаласы бойынша тұрғын үйлері суға кеткен азаматтардың коммуналдық шығындары төленбейді. Наурызда жаққан төлем ғана төленеді. Қазіргі таңда төлеуге мүмкіндігі болмаса кейін өтеуге болады. Сәуір, наузы, маусым айындағы шығындар өтелмейді. Яғни, тұрғындар тарапынан төлем жүргізудің қажеттілігі жоқ».

Айтпақшы, бүгін су тасқынынан зардап шекккен халыққа төлем төлеу мәселесін сенат депутаттары да көтерді. Олар өтемақы төлеу жүйесін қайта қарап, өзгерту керек деп санайды. Алдағы уақытта жылжымайтын мүлікті ерікті не міндетті түрде сақтандырып, халық арасында сақтандыру мәдениетін қалыптастыру керек деп санайды. 

БИБІГҮЛ ЖЕКСЕНБАЙ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Су басқан аймақтарда мүліктерді сақтандыру деңгейі төмен. 1 пайыздан да төмен. Әдетте, сақтандыру жайында апат кезінде ғана еске аламыз. Осыған орай, елімізде сақтандыру жүйесін жетілдіру және тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру мүмкіндігі бойыншахалықаралық ұйымдар өкілдері арнайы ведмстволық комиссия құруды қарастыру. Екіншіден, отандық сақтандыру компаниялардың төтенше жағдайлар шығынын өтеуге қатысты әлеуітіне қатысты сараптама жасалу, мемлекет төтенше жағдай туралы халыққа алдын-ала ескертіп, тұрғындардың жауапкешілігін арттырып, қаржылық сауаттылығын жетілдіру». 

Көшеде отырған Құлсарылықтардың қашан үйлеріне қайтатын әзірге белгісіз. Билік өкілдері де қарашамен бірге жүр. Алайда нақты қандай шешім қабылданаты белгісіз.