Казак әдебиетінін классигі,бала жанының бағбаны болған жазушы Б. Сокпакбаевтын 100 жылдыгына арналган мерейтой туған өлкесі Райымбек ауданында өтіп жатқанын,арнамызда ғасыр тойына қатысқанын айтқан болатынбыз. Екі күнге жалғасқан мерейтойда туған өлке төрінен төл перзентіне ескерткіші ашылып,ұлттық спорт түрлері салтанат құрды. Толығырақ тарқатсақ.
Мерейтойдың екінші күні Бердібек Соқпақбаев атындағы Жастар саябағында жалғасты. Қарасы қалың көпшіліктің жиналғаны жазушыға деген құрметінің кепілі. Қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, қаламгерлер, осы өңірден шыққан танымал азаматтар жазушының жерлестерімен бірге ескерткіштің асылу салтанатының куәсі болды. Ескерткішті ашу құрметіне ие болған Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов, жазушының қызы Самал Соқпақбаева ескеркіштің лентасын қиды.
Ескеркіштің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қалың қауымға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізді.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Биыл туғанына 100 жыл толып отырған аса көрнекті қаламгер Бердібек Соқпақбаев Қазақ балалар әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан қарымды қаламгер. Жазушының «Менің атым Қожа» хикаяты оқырмандарымен қалай етене қауышса, осы аттас түсірілген кинофильм де қазақ киносы тарихында алғаш рет КАН фестиваліне қатысып, арнайы жүлдеге ие болды. Б. Соқпақбаев Қазақ әдебиетіне ешкімге ұқсамайтын қолтаңба қалдырды. Ардақты азаматтың есімін ұлықтап, еңбегін ел жадында жаңғырту - бәрімізге ортақ парыз.Балалар әдебиетінің бәйтерегі атанған классик жазушының сөз өнеріне деген айрықша таланты мен талғамы жас қаламгерлерге әрдайым үлгі-өнеге. Ал, оның мол мұрасы әлі талай ұрпаққа рухани азық болары сөзсіз. Төл әдебиетіміздің тұғырлы тұлғасына қойылған еңселі ескеркіш құтты болсын!»
Жиын барысында жазушының қызы Самал Соқпақбаева атаулы мерейтойға атсалысқан қалың еліне өз алғысын жеткізді.
САМАЛ СОҚПАҚБАЕВА Б.СОҚПАҚБАЕВТЫҢ ҚЫЗЫ
Сондай ақ мерейтойда жиылған көпшілікке ән мен жырдан шашу шашылып,қазақ күресі,құнан бәйге,топ бәйге,кіші аламан,үлкен аламан бәйгеден ұлттық спорт түрлері өтіп,сайын даланы дүбірге бөледі.Қазақ әдебиетінде шоқтығы биік, балалар әдебиетінің бәйтерегі болған қаламгердің рухы шат, шығармашылық ғұмыры мәңгілік болсын!