"

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб Сыр өңіріне қарасты Шиелі ауданы жұртышылығымен кездесті. Диалог барысында 6 қазанда болатын жалпыхалықтық референдумның маңызы туралы айтылды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында еліміздегі энергия тапшылығының алдын алуда АЭС салу мәселесін көтеріп және оны референдум арқылы халықтың таңдауы еркіне берген болатын. Осыған орай, спикерлер тұрғындарымен кездесу өткізіп, мемлекет басшысының халыққа жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді баяндап, референдум маңыздылығы жөнінде атап өтті.

МҰРАТ ӘБЕНОВ  ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Мұнан соң штаб мүшелері аудан ақсақалдарымен сондай ақ теміржолшылармен жүздесті. Жүздесуде АЭС маңыздылығы көтеріліп,ұсыныс пікірлерде айтылды.

АЛМАТ ДОСЫМОВ ШИЕЛІ АУДАНЫ ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

АЭС құрылысы –  Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба екені жиын барысында баса айтылды.