Жыл басынан бері Петропавл қаласының аумағында 63 өрт тіркеліп, салдарынан 6 адам қаза тапты. Тілсіз жаудың негізгі себептерінің бірі - электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы.
Жыл басынан бері Петропавлда 60-тан астам өрт тіркелген. Материалдық шығын– 1 млн.700 мыңнан асып жығылады. Төтеншеліктердің айтуынша бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26% - ға төмендеген.
ЕРЖАН ШӘРІПОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТЖБ БАСТЫҒЫ: «Биыл өртте 6 адам мерт болды. Оның 3-еуі егде жастағы адам. Жыл басынан бері өрттен 7 адам жарақат алған. Өткен жылмен салыстырсақ, 2 жағдайға өскен».
Айта кетейік, 63 өрттің 45-і тұрғын үй секторында тұтанған. Бақылаудағы объектілерде 12 өрт болған. Олардың материалдық шығын көлемі -765 мың теңге.
ЕРЖАН ШӘРІПОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТЖБ БАСТЫҒЫ «Өрттің негізгі шығу себептері- электр жабдықтарын орнату және техникалық пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы. Мұндай 26 оқиға болды. 17 жағдай жылыту пешін орнату және пайдалану ережелерін бұзу себебінен болса, қалған 4-еуі тұрғындардың отты дұрыс пайдаланбауынан шыққан».
Жыл сайын өңірде жеке тұрғын үйлердегі өртті болдырмау және оның алдын алу жөнінде іс-шаралар белсенді түрді ұйымдастырылады. Десекте тілсіз жауды елемейтіндер бар.Мамандар жылыту маусымы кезінде ақпарат тарату шараларын күшейтуді жоспарлап отыр.