"
СҚО өңір басшысы жаңа жыл мерекесі қарсаңында Петропавлдағы отбасылық үлгідегі балалар ауылында болды. Кездесу барысында Ғауез Торсанұлы мұндағы балалардың әрқайсысына велосипед сыйға тартты. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 7 жастан 18 жасқа дейінгі 40-қа жуық бала тұрады. Мұндағы тәрбиешілер оларға ана орнына ана,әке орнына әке болып отыр. Жақында жиһаздар жаңасына ауыстырылды. Бұл жерде балалардың сүйікті ісімен айналысуға барлық жағдай жасалған.
ОЛЕГ ЛЕОНТЬЕВ ОТБАСЫЛЫҚ ҮЛГІДЕГІ БАЛАЛАР АУЫЛЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ: «Мен баскетболды жақсы көремін. Бұл спорт түрімен айналысып жүргеніме 2 жыл. Өткенде біз Алматыда өткен сайысқа қатысып жақсы нәтижелерге қол жеткіздік».
Өңір басшысы балаларды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап жылы лебізін білдірді.
ҒАУЕЗ ТОРСАНҰЛЫ СҚО ӘКІМІ: «Мен сіздерді келер жаңа жылмен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық тілеймін . Ең бастысы сабақтарыңызды жақсы оқыңыздар. Барлықтарыңыздың арман мақстаттарыңызға жетулеріңізге тілектеспін.»
Кездесу барысында балалар арнайы келген өңір басшысына өздерінің жаңа жылдық костюмдерін көрсетті.
Балалар келер жылға қойған жоспарлары және мақсаттары жайлы айтты. Әңгіме барысында олар Ғауез Торсанұлының балалық арманы туралы да сұрап білді.
Облыс әкімі балаларға құр қол келген жоқ. Ол мұндағы әр балаға велосипед сыйлады және күйсандық тарту етті.