"
Табиғат ананы қорғауды,аялап баптауды баланың санасына сіңдіріп тәрбиелеу болашақ үшін ғұмырлы бастама. Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық мәдениет дағдыларын қалыптастыру мақсатында әдіснамалық және әдістемелік негіздеу қолға алынған. Тақырыпқа орай Алматы қаласы Алатау ауданындағы №31 балабақшада семинар өтті. Тақырыпты тілші тарқатады.
Әлемдік тренд және Сингапур мемлекетінің тиімді тәсілдерін іске асыру, тәжірибеге енгізу мақсатында өткен шараға қалалық және республикалық мектепке дейінгі ұйым басшылары қатысты. Бұл жоба бір жыл бұрын қолға алынып,Сингапур елінен балабақша басшылары тағылымдамадан өтіп келген. Іс тәжірибенің озық тұстарынан алатын тағылым көп.
АЙНҰР БАҚТИЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫ №31 БАЛАБАҚШАНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Шарада балабақшада тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің әр түрлі пластикалық қалдықтардан қиялына ерік бере отырып жасаған заттары да көпшілікке таныстырылды. Қоршаған ортаға зиянын тигізетін заттарды көз тартар көркемдік дүниеге айналдырудың астарында жас буынды еңбекке баулудың да көрінісі жатыр.
ҚАРЛЫҒАШ АҚМЫРЗАЕВА АЛАТАУ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Жобаның тағы бір тиімді тұсы балабақша мен ата-аналар арасындағы байланысын нығайтқан. Ұйым қабырғасындағы тәрбиеленіп жатқан балаларының күнделікті тыныс-тіршілігінен толықтай мәлімет алып отыруларына мүмкіндік туған.
АРАЙЛЫМ ЖАҒЫПБАРОВА АТА-АНА
Иә,отан отбасынан басталады. Еліміздің ертеңі жас бүлдіршіндер үшін мұндай тәжірибелік еңбектердің берері мол.