Бүгін Алматылықтар сағат 10:00 шамасында жер сілкінісін сезді.
Сейсмологиялық маманның сөзінше, жер сілкінісі еліміздің жоғары сеймикалық аумағында күнделікті болып тұратын табиғи құбылыс екендігіне, сонымен қатар қала тұрғындарын тек ресми мәліметтерге сенуге шақырды.

ДӘУЛЕТ СӘРСЕНБАЕВ, СЕЙСМОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Алматы қаласы және Алматы облысының тұрғындары, бүгін 5 қараша сағат 10:00 де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы облысы, Талғар ауданы аумағында болды. Жер сілкінісі тұрғындарға 3-4 балл көлемінде сезілді.Бұл сейсмикалық жағдай еліміздің жоғары сейсмикалық аумағында күнделікті болып тұратын табиғи құбылыс. Құрметті азаматтар сіздерді тек ресми мәліметтерге сенулеріңізді сұраймыз».