Адамға сапалы білім мен қатар саналы тәрбие қатар берілуі керек. Тәлімді, тәрбиелі ұрпақ еліміздің болашағы. Осы қағидат аясында Алматы облысы,Талғар ауданына қарасты мектептерде Ата аналарды қолдау орталықтары ашылып,оқушы мектеп ата- ана арасында байланысты нығайтуға байланысты ашық есік күні өтті. Игі шараға арнамызда қатысып қайтқан еді.

Жас буынның рухани-адамгершілік тұрғысынан тұлға болып қалыптасуы отбасылық тәрбиемен және білім алатын мектебімен,ұстаздарымен тікелей байланысты. 
«Мектеп-оқушы-ата-ана» үштігінің байланысын нығайту мақсатында Бесағаш ауылы 45 мектеп гиназиясында өткен шарада оқушылардың бойына тағылымды тәрбие сіңдіру үшін ата-аналармен сынып сағаттары,мәдени ағарту, еңбек және дене тәрбиесін қалыптастыру бағдарламалары ұйымдастырылыпты.Ұлттық қасиетті ұлықтаған, білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеу – негізгі мақсатымыз дейді білім ошағының директоры. 

ЖАНАРГУЛЬ АБДИКАЛЫКОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫ БЕСАҒАШ АУЫЛЫ № 45 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 

Бала бойындағы дарынын дамытып, талантын ашу жолында да білім ошағы тиімді жұмыстарды жүзеге асырып отыр. Ісмер ата-аналар тартылып,жастардың жан- жақты дамуы үшін қол өнер үйірмелеріне қол ұштарын созуда.

БАҚЫТ ҚОНАЕВ АТА-АНА

Білімді,тәрбиелі, жасампаз жастарды тәрбиелеуге негізделген игі шара Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылындағы жалпы білім беретін №17 орта мектебінде де өтті. Білім ордасында 29 ұлт өкілінің балалары білім алады. Ұлтаралық татулықты,сыйластықты дәріптеуге бағытталған бүгінгі шара аясында  көрмелер, түрлі ұлттардың өнері көрсетіліп шынайы достықтың бейнесі орын алды. Отанға деген шынайы сүйіспеншілік сезімдері мектеп қабырғасынан бойларына сіңіп келе жатқанын аңғартты.  

ЭЛЬМИРА БАЙМОЛДАЕВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫ ПАНФИЛОВ АУЫЛЫ №17 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ 
 
МАРАЛ ТУЫСКАНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ММ-НІҢ БАС МАМАНЫ

Жас ұрпақтың бойына еліне жеріне деген сүйіспеншілікті сіңіріп,білімді, салиқалы тұлға ретінде қалыптастыруда атқарылып жатқан ерен еңбек бұл.