Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл толуына орай және 5 ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау аясында тоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» атты облыстық турнир өтті. Шараға арнамызда қатысып қайтқан еді.

Бүгінгі турнирге Алматы облысына қарасты тоғыз аудан екі қала бойынша әр өңірден төрт адамнан жалпы саны 40 тан астам ойыншы қатысты. Командалар облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғамдық ұйымдардың мамандарынан жасақталған.  
 
ЖАРАС НИЯЗБЕК АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ СПОРТЫ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ  

Тоғызқұмалақ ойыны адамды қызықтырып баурап алатын қасиетке ие. Сонымен қатар ақыл ойды дамытады, ойлау жүйеңізді ұшқырлыққа баулиды, миға таптырмас жаттығу. 

БОЛАТЖАН НҰРБЕКОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Жеті турдан тұратын жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, бірінші екінші орын алған жеңімпаздар Астана қаласында тамыз айында өтетін Республикалық деңгейдегі финалдық ойынға жолдама алды.