Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты тілеулестік танытып, көмек көрсеткені үшін Шавкат Мирзиёевке және бауырлас Өзбекстан халқына алғыс айтты. Президенттер телефонмен әңгіме барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Тараптар екіжақты қатынастар мен өңірлік деңгейдегі кооперацияның қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Сонымен қатар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.