Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға үндеу жолдады. Мамандар халыққа қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертіп отыр. Алда күн күрт суытады. Жауын-шашын мен ауа температурасының төмендеуі күтілуде. Сондықтан, дауылды ескертулерге құлақ асып, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартуға, балаларды қараусыз қалдырмауды қатаң ескертті. «Ауа-райы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеуі туралы ақпаратты бақылаңыздар.
Барлық оқиғалар туралы 112 немесе 101 телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз»,- делінген төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарландыруда.