Елімізде халықты мазалап жүрген утиль алымы туралы мәселе әлі де оңды болмай тұр. Әлеуметтің өзекті проблемасына айналған тақырыпқа байланысты жұртшылық тарапынан арнайы петиция жарияланған да еді. Өнеркәсіп комитет төрғасының сөзінше, дау көтеріп тұрған петицияға байланысты отырыс, депутаттар мен мемлекеттік органдардың, сондай-ақ петицияға бастамашылық жасаған топтың өкілдерімен бірге 13 маусымда өткізілмек.
АЗАМАТ СЕРІКҰЛЫ ҚР ӨҚМ ӨНЕРКӘСІП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ «Жалпы утиль сбор, утиль алымы деп қазақша да айтамыз. Негізгі мақсаты 2 бағытта. Бірінші – тарифтік саясат. Яғни, шетелден ескі автокөліктерді кіруді шектеу, реттеу шаралары қолданылса. Екінші жағы – экология, істен шыққан көліктерді утилизацияға бағытталған түрі болып табылады. Утиль сбор жалпы енгізілгеннен кейін, елімізде автокөліктердің импортталатын саны қатты шектелген жоқ. Мысалы, былтыр 148 мың автокөлік өндірдік. Сырттан келген автокөліктердің саны 157 мыңды құрады. Яғни, осындай паратиттік жүйеде, баланста тұр».
Сонымен қатар, осы жылғы жоспарда 300 млрд теңгеден астам утилизациялық алым ретінде алынатын қаржы есепте тұр. Ал, ондай қаражаттардың қайда кетіп жатқандығы осы уақытқа дейін жұртшылыққа беймәлім болып келген болатын. Тек соңғы уақыттарда халықтың жаппай сұрау сала бастауынан кейін ғана жауаптылар жұмсалу орындары туралы ақпараттар бере бастады.
СӘКЕН АМАНГЕЛДІҰЛЫ «ЖАСЫЛ ДАМУ» АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ «Қазір мына экологиялық кодексіне сәйкес және экология министрлігімен бірге жоспар құрып, ол ақшаны жаңа техника сатып алуға (автобустар, қоқыс өндіретін, шығаратын заводтар мен машиналарға) жаратып жатырмыз».
Сондай-ақ, ел ішінен утиль алымын түбегейлі жою жайында ұсыныстар түскен болатын. Бірақ, бұл ұсыныстың да өзінің оң мен солды жақтары тағы бар.
СӘКЕН АМАНГЕЛДІҰЛЫ «ЖАСЫЛ ДАМУ» АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ «Әлеуметте алып тастауға көп сұраныс бар. Бірақ, шет мемлекеттерде бұл жақсы көтеріліп жатыр. Мысалы, РФ 1 сәуірден бастап күрт өзгеріп, утиль төлемді көтеріп жіберді. Біздің нарықты қорғау үшін, біздің автопромды дамыту үшін ол утиль сбор алынбайды деп отыр үкімет басшылары».
Автокөлік нарығының белді өкілдерінің қатысуымен өткен форумда 2023 жылы Қазақстанда 198 мың жаңа автокөлік сатылғаны жөнінде айтылды. Оның 70 пайызға жуығы Қазақстанда шығарылған. Қалғандары импортталған автокөліктер. Ал, биылғы жоспарда нарықтың төмендеуіне байланысты, 160 мың жаңа автокөлік сату жоспарда бар деді спикерлер. Дей тұрғанмен, елімізде саны бар, сапасы жоқ ескі көліктердің саны да өршіп тұр. Азаймаудың бірнеше себебін Бекнұр Маратұлы былай түсіндіріп берді.
БЕКНҰР МҰРАТҰЛЫ «АСТАНА МОТОРС» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, осы жылы өткен регализация. Регализациядан 300 мыңнан астам автокөлік өткен. Ол автокөліктердің көбісі ескі автокөліктер. 2000 жылдардың басында Қазақстанда өте көп серовоз автокөліктер келген. Әрине, ол көліктер күннен-күнге жаңарып жатқан жоқ қой, олар ескіріп жатыр. Сондықтан, біздің негізгі мақсатымыз – жаңа автокөліктердің санын көбейту, Қазақстанға тек қана ескі автокөліктер келмеу, оны бақылауға алу. Өйткені, біз африкандық мемлекеттерге айналып кету керек емес. Біздің нарығымыз – тек қана жаңа автокөліктер сатылып тұрса, жылдан жылға жаңа автокөліктердің көлемі ұлғаяды»
Сондай-ақ, спикер халық қалтасы көтеретін көліктерді сатып алу жөнінде ұсынысын білдірді. Оның сөзінше былтырғы көрсеткіште Қытай автокөліктерінің көлемі жалпы нарыққа шаққанда 40 пайызды көрсеткен. Қытай автопромы дамып тұрғандықтан, бұл көрсеткіштің ұлғаюы әбден мүмкін. Сол себепті, қарапайым қарашаның жақсы жағдайы үшін 6-7 млн теңгені көлемін құрайтын көліктерді нарыққа көбірек әкелу керек деді спикер.