"

Алматы облысы Іле ауданындағы «Казпошта» АҚ бөліміне шетелден косметикалық бұйымдар түрінде жасырылған салмағы 777 бүтін онан төрт грамм, есірткі өнімі келіп түсті. Белгілі болғанындай, тауарды қабылдап алған адам есірткі өнімдерінің заңсыз айналымы үшін бұрын сотталған. Мамандар оның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында есірткіні шегуге арналған құрылғылар, қолданылған шприцтар, зип-пакеттер тауып алды. Аталған азамат сот шешімімен қамауға алынды.

ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ: «Тергеу амалдары жалғасуда. «ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сондай – ақ агенттік экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауға мүмкіндік бар екенін еске салады».