Алматы зообағы қуанышты жаңалығын бөлісті. Хайуанаттар бағы теңбіл бұғылардың дүниеге келгенін сүйіншілеген болатын. Арнамыздың тілшісі сүйкімді жануарлардың жағдайымен танысып қайтты.
Теңбіл бұғылар Шығыс Қазақстан облысы қорығынан әкелінген.Қазіргі таңда 11 түрі хайуанаттар бағында мекендейді.Аналағы Алматыдағы зообақта дүниеге келген.
Анасының есімі – Ақкербез болса,одан туылған егіз бұғылардың есімі – Шпион мен Аяла деп аталыпты. Олай аталуының себебі Шпион өмірге тез бейімделген пысық болса,Аяла керісінше әлжуаздау.Қазір мамандардың ерекше қамқорлығында.
ҰЛЖАНАР ӘДІЛАЕВА ХАЙУАНАТТАР БАҒЫНЫҢ ДАМУ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:
«Дәл қазіргі уақытта Хайуанаттар бағында жануарлардың 400 ге жуық түрі өмір сүріп жатыр.Теңбіл бұғылар Шығыс Қазақстан облысы қорығынан әкелінген. 8 шілдеде егіз теңбіл бұғылар туылды,екеуі де аналық.Негізінде егіз бұғыларды дүниеге алып келу өте сирек кездесетін жағдайдың бірі болып табылады,бірақ бұл біздің зообағымыздағы ең алғашқы қуанышты жаңалық емес,осыған дейін де Ақкербездің анасы-Дана қос төлді өмірге алып келген болатын,сол қос төлдің біреуі-Ақкербез.Ал өмірге жаңадан келген Шпион мен Аяла 4 келі болып туылған.»
Теңбіл бұғыны жапон бұғысы деп те атайды.Олар өз араларында төлін қызғанбай бір қоршауда өмір сүре береді.Тағы бір ерекшелігі теңбіл бұғылар суда жақсы жүзе алады.Су, олар үшін маса мен кенелерден құтылудың бірден бір амалы,сондықтан паразиттердің көбеюі кезінде бұғылар суда немесе самал соққан жерлерді мекендегенді ұнатады.