Өткен сенбіде Хамас содырлары жаппай шабуыл жасаған Израильдің ең көп зардап шеккен аудардарының біріне Цахала әскери қызметкерлерімен бірге шетелдік журналистер де келді. Олар қаза тапқандардың денелерін іздеуді бақылап отыр.
ИТАЙ ВЕРУВ - ГЕНЕРАЛ-МАЙОР «Біз бөлмелерінде төсекте жатқан балалар мен ата-аналардың өлі денелерін көрдік.Соғыста бейбіт тұрғындарға оқ атушы ма еді? Бұл соғыс емес, бұл таза терроризм.Мен өмірімде мұндай нәрсені көрген емеспін».
Өлтірілген содырлардың денелері мен өртенген көліктер қаңқалары кибуц аумағында шашылып жатыр. Бұған дейін мұнда саперлер жұмыс істеген, өйткені ХАМАС барлық жерде құрбан болғандардың сүйектерін миналаған. Бұл кибуцта негізінен жастар өмір сүрген.
АЙЕР АВРИЭЛЬ – САРБАЗ «Бұл жерге қатты шабуыл жасалды. Бейбіт тұрғындар аяусыз өлтірілді. Оларға гранатаметтан оқ жаудырған. Ешкім тірі шықпас үшін содырлар бәрін өртеп жіберген».
Мұндай қатыгездікті шекараға жақын басқа кибуциден де көруге болады. Мысалы, олардың біреуінен өлтірілген бейбіт тұрғындардың 100-ге жуық денесі табылды. Осындай қырғында мына жұп аман қалды. Олар кішкентай баласымен 20 сағаттан астам уақыт жасырынып жатқан. Содан кейін әскерилер оларды құтқарып, түн ауғанда қауіпсіз жерге апарды.
КЕРЕН ФЛЭШ – БЕЙБІТ ТҰРҒЫН «Біздің үйге топырлап біреулер келгенде, біз олардың содырлар екенін білмедік. Біз тек адамдардың үйге кіргенін естідік. Олар есікті бұзып, біздің қауіпсіздік бөлмеміздің есігін қағып бастады. Сол сәтте біз құрыдық деп ойладық. Біз онда жазықсыз ұйықтап жатқан баламызбен бірге отырдық және не істерімізді білмедік. Өзіміздің әскерилер келгенде қатты қуандық. Аман қалғанымызға әлі-де сене алар емеспін».
Хамас пен Израиль арасындағы қақтығыстар әлі-де жалғасуда. Сейсенбіде тағы да Газа секторынан Израиль қалаларына қарай зымырандар ұшты. Израиль армиясы анклавтағы содырлардың базаларына зымырандық шабуылдар жасап, құрлықтағы операцияға дайындалып жатыр. Сондай-ақ Израильдің солтүстік шекарасында Ливанның оңтүстігінен және Сириядан оқ атылды. Демалыс күндері ХАМАС шабуылынан қаза тапқандар саны 1000-нан асты. Құрбан болғандардың басым көпшілігі үйлерде, көшеде және ашық аспан астындағы музыкалық фестивальде атылған бейбіт тұрғындар болды.
Хамас шабуылынан қаза тапқандар саны 1000 асты
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 352