Алматының №2 Бостандық ауданының сотында меймандарды ұрып-соққан караоке-бардың қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушыларға бұзақылық жасады, бұзақылық пиғылда бір топ адамның денсаулығына қасақана ауыр және орташа зиян келтірді деген айып тағылды. Сот үкімімен жеті адам бас бостандығынан айырылды. Сотталушылардың ішінде танымал актер Асқар Жұмабекте бар. Оған 6 жыл 6 ай 15 күн мерзімге жаза тағайындалды.
Отандық «Ақжауын» телесериалында Жасын рөлін сомдаған Асқар Жұмабек істі болды. Сотта анықталғандай, былтыр 28 желтоқсанда қаладағы караоке-барлардың бірінде қонақтар мен мекеме қызметкерлері арасында жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласқан. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушылардың кінәсі куәгерлер мен жәбірленушілердің айғақтары, сот сараптамасы қорытындысы, бейнебақылау камерасына түсіп қалған бейнежазбалар арқылы дәлелденген. Сот үкімімен жеті адам кінәлі деп танылды. Бәріне 6 және 6,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды»
Қазақстандық актер Асқар Жұмабекке 6 жыл 6 ай 15 күн мерзімге сотталды. Бұған дейін, актердің өзі кінәсіз екенін айтып, Президентке видеоүндеу жасап, көмек сұраған болатын.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.