Бүгін Алматыда Шона Смаханұлы атындағы № 62 гимназиясында Алмалы ауданы білім бөлімінің мұрындық болуымен ауданның барлық мектептері бірігіп Тәуелсіздік тірегім,соғып тұрған жүрегім атты мерекелік шара өткізді.
Тәуелсіздігімізді дәріптеп,өскелең ұрпақтың бойына отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында өткен шараға аудандық білім басқармасының ұжымы,білім ошағының ұстаздары,оқушылары сонымен қатар ата аналар қауымы бірлесіп өз деңгейінде атап өтті. Әр мектептің басшылары,ұстаздары өнерлерімен тәуелсіздік мерекесіне тартуларын арнап өскелең ұрпаққа үлгі болып,рухани тұрғыдан бір серпілтіп тастады. Ата бабаларымыздың аманатын келер ұрпақтың бойына сіңіру басты мақсатымыз дейді ұйымдастырушылар.
ЗОЯ ҚОЙШЫБАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛМАЛЫ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Сапалы білім мен қатар еліміздің болашағын қалыптастыратын отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу басты борышымыз дейді білім ошағының басшысы.
МИРАМГУЛ НАБИДОЛЛАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ Ш.СМАХАНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ № 62 ГИМНАЗИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Сонымен қатар білім ошағында Тәуелсіздік балалар көзімен атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Еліне деген,отанына деген сүйіспеншіліктерін туындылары арқылы тарту еткен білім ошағының оқушыларының жүрек түкпірінде жатқан лебізінде тыңдадық.
ГҮЛНАФИС ДҮЗЕЛБАЙ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ Ш.СМАХАНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ № 62 ГИМНАЗИЯНЫҢ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Иә,тәуелсіздігімізді дәріптеген ұстаздарымыздың,шәкірттер қауымының өнерін тамашалап көкейімізге мақтаныш сезімі ұялады. Қоғам болып жұмыла, еліміздің ертеңін қалыптастыратын,тәуелсіздігіміздің тұғырын тағынан тайдырмас қасиетті қанына сіңірген ұрпақ тәрбиеленіп жатқанының тағы бір куәсі болдық.