Шымкентте 15 жастағы оқушылар ересек ер адамдарға боди-массаж қызметін көрсеткен. Бұл массаждың классикалық массаждан айырмашылығы – онда тұтынушылардың тек денесіне ғана емес, интимдік аймақтарына да массаж жасалады. Оны жас қыздар алғашында білмеген. Egovpress Telegram арнасының жариялаған мына видеоны сол 15 жасар қыздың біреуінің анасы түсірген. Шырылдаған ана қыздарды жұмысқа тартқандарды жазалауды сұрайды. Жасөспірім қыздар болса, бұл жұмысты интернеттегі хабарландырулар арқылы тапқандарын айтады.
Шымкент қаласының ПД мәліметінше, олар бұл істен хабардар. Бұл факт биыл мамырда анықатлған. Оған қатысы бар барлық адам полицияға жеткізіліп, қылмыстық іс қозағылыпты. Іс қазір тергелуде.