"

Асыл тұқымды бұғыларға жататын маралдың мүйізі — емдік қасиетке ие әрі басқа тіршілік иелерінде кездеспейді. Қазір Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің орманшылары қызыл кітапқа енген жануарды қорғау жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Біздің түсірілім тобымыз аңтанушылармен бірге маралдарды бақылап қайтты.

ШОЛПАН МАРАТҚЫЗЫ ЖУРНАЛИСТ

Маралдың  басты қазынасы әрі қаруы – оның мүйізі. Медицинада мүйіздері мен қанынан түрлі дәрі-дәрмектер жасалады. Қуатты мүйіздерінің арқасында, ол кез-келген жыртқышқа төтеп бере алады.Қалаға жақын орналасқан Ілі-Алатау ұлттық табиғи паркінде 5 филиал бар. Түсірілім тобымызбен Медеу филиалында болып қайттық.

САЙРАН ҰЛАНҰЛЫ ІЛЕ-АЛАТАУ ТАБИҒИ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНІҢ МЕДЕУ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҮЛКЕН АЛМАТЫ ОРМАНШЫЛЫҒЫНЫҢ ОРМАНШЫЛЫҚ БАСШЫСЫ «Үлкен Алматы орманшылығының жалпы жер көлемі 26,692 гектар жер. Бұл жерде 13 инспектор қызмет атқарады. 13 инспектордың әрқайсысының аумағында қалаға жақын орналасқан жер болса да жан-жануарлардың көптеген түрі мекендейді.Оның ішінде атап айтар болсақ: аю, қар барысы, марал, суыр әртүрлі аңдар мекендейді.Әр аңның өзінің мекен ететін жерлері бар. Қарап тұрсаңыздар, Көкжайлау жақтарда қарап тұрсаңыздар марал көптеп кездеседі».

Иә, Сайран Ұланұлы айтқандай Көкжайлау жерінің Күмбел шыңынан біздің де камерамызға маралдарды түсірудің сәті түсті. Байқағандарыңыздай, бұл тұяқтылар күндізгіге қарағанда кешке, түнде, таңсәріде өте белсенді.

КЕНЖЕ АМИРҰЛЫ ІЛЕ-АЛАТАУ ТАБИҒИ ҰЛТТЫҚ ПАРКТІҢ МЕДЕУ ФИЛИАЛЫНЫҢ АҢТАНУШЫ-БИОЛОГЫ «Маралдардың мүйіздерінің ұзындығы 1,5-2 м болады. Бір жағы 6-7 отростоктардан болады үлкендері. 20-25 жылға дейін өмір сүреді марал. Еркектері 340-300 үстінде болады, ұрғашыларының мүйіздері өспейді».

Сондай-ақ, аңтанушылар жабайы жануарлар жүретін арнайы орындарға фото-тұзақтарды орнатады. Бұл аппарат жануарлардың санын анықтауға әрі бақылауға көп септігін тигізеді дейді мамандар.

КЕНЖЕ АМИРҰЛЫ ІЛЕ-АЛАТАУ ТАБИҒИ ҰЛТТЫҚ ПАРКТІҢ МЕДЕУ ФИЛИАЛЫНЫҢ АҢТАНУШЫ-БИОЛОГЫ «Фото-тұзақ орнатамыз жыл бойы. Барысқа, маралға, таутекеге, сілеусінге қоямыз. Олардың санын, санағын білу үшін орнатамыз.Фото-тұзақтың батарейкалары 25-30 күнге, 2 айға дейін жетеді.500-700 сурет-видеоға дейін түсіреді».

Статистика сүйенсек, Медеу филиалында 182 марал бар. Сондай-ақ, қар барысы, сілеусін, таутеке сынды түрлі аңдарды да көруге болады.