15-мамыр халықаралық отбасы күніне орай Қызылорда облыстық Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында су тасқынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді. Тасқыннан зардап шеккендерге 30 тонна азық-түлік, тұрмыстық қажетті заттар, көрпе-төсек тиелген жүк көлігі жолға шықты. Сонымен қатар ондағы тұрғындардың сұранысы бойынша бесікте жөнетілді.Гуманитарлық көмекті жинауға қаладағы барлық мекемелер мен тұрғындар атсалысқан.Жүк көлігі Ырғыз ауданындағы тұрғындарға үлестіріліп берілмек.

ҚАЛАМҚАС КАРИМОВА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ХАТШЫСЫ