"

Заң баршаға ортақ. БҚО-да ауылдық округ әкіміне темекі тұқылын жерге тастағаны үшін хаттама толтырылды. Бұл туралы әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында айтылды. Сонымен қатар Бөкейордасы, Казталов және Тасқала аудандары әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік іс материалдары қаралды. 

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Бөкейордасы ауданы Сайқын ауылдық округі әкімі Шыңғыс Абдуллинге қатысты іс қаралды. Оған темір жол станциясында қоқыс жәшігінен тыс жерге темекі тұқылын лақтырғаны үшін хаттама толтырылған.

САМАТ ИСКАЛИЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Сондай-ақ,Казталов ауданы Бостандық ауылдық округінің әкімі Сакауов Есбол Ерболұлына көлікке масаң күйде отырғаны үшін қатаң сөгіс түріндегі жаза тағайындалды. Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Саягүл Мәулетқызы Галиеваның күйеу баласы 5 жасар ұлын көлік тізгіндетіп, таспаға түсірген. Онымен қоймай бейнежазбаны әлеуметтік желіге жүктеген. 

МҰРАТ БАЙСАЛОВ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ

Қоғамға үлгі болу үшін әдептілікті алдымен өзіңнен бастауың шарт.