Ішкі Істер министрлігі ішкі және сыртқы қауіпсіздікті күшейтті. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті биыл таяу шет елдердің құқық қорғау органдарымен бірлесе 36 қылмыстық істің жолын кесті. Оның үшеуі трансұлттық топтар. Нәтижесінде, қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 150-ден астам криминалитет өкілдері жауапқа тартылды. Одан бөлек, мектеп, колледж және жоғары оқу орындары жастарынан ақша бопсалап, бұзақылық жасаған және қару сақтаумен айналысқан 19 топтың жолы кесілді.
ҚУАНДЫҚ АЛПЫС ҚР ІІМ ҰҚҚКД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: «Олардың біздің елге ену әрекеттері дер кезінде тоқтатылды. Қазақстан аумағында олардың қатысуымен қылмыстық қақтығыстарға жол берілмеді. ҰҚК-мен бірлесіп, Шымкент қаласында, Қарағанды және Қызылорда облыстарында аса қауіпті төрт қылмыстық топ өкілдерінің қызметі тоқтатылды. Негізгі бағыт қала құраушы кәсіпорындар мен тау-кен байыту комбинаттарының мүлкін ұрлаумен байланысты топтардың қылмыстық әрекетінің жолын кесу болып қала береді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп, компаниялардың жұмыскерлерімен сөз байласып, кәсіпорындардың, оның ішінде "Qarmet", "Қазақмыс", "Қазақалтын" алтындарын, металл сынықтарын және басқа да өнімдерін ұрлау бойынша заңсыз схемаларын жасаған бірнеше қылмыстық топтарды ұстау жүргізілді. Қылмыстық істердің, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басшылық ету және қатысу фактілері бойынша ондаған эпизод тергелуде».