Кеше кешкі уақытта Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасының қалалық коммуналдық жағажайларында түнгі рейдтер жүргізілді. Құтқарушылар қараңғыда суға түскен тәртіп бұзушыларды анықтау үшін дауыс зорайтқыштармен және тепловизорлармен жабдықталған дрондарды пайдаланып, қалалық жағажайлардың жағалауларын патрульдеу жұмыстарын жүргізді.
ДИДАР АСҚАРБЕКҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ: «Рейдтік іс шара барысында әуеге дрон көтеріліп, типловиздар арқылы түңгі уақытта суға шомылушылар анықталған. Аталған азаматтарға, ҚРӘК 412 бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды 13 азаматқа».
Суға түсу маусымы басталғалы Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыстың су қоймаларында 7 мыңға жуық рейд жүргізген. Нәтижесінде судағы қауіпсіздік ережелерін бұзған 217 адам жауапкершілікке тартылған. Айта кетейік, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманың 412-бабына сәйкес айыппұлдардың жалпы сомасы 3 343 106 теңгені құрайды.