"
Бүгін Алматыда, Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында «Түркі халықтары тарихының ортақ тұстары, мектептерде оқытылу мәселесі» тақырыбында халықаралық семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты- Түркі халықтарының тарихын оқытудың методологиясын зерттеу. Аталмыш білім ордасында Түркия мемлекетінен келіп отырған тарих ғалымдары, университет өкілдері мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру орталығы пікірлерін ортағы салды.
АСҚАР САРБАҒЫЗОВ Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ №86 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ; «Бұл аталмыш дөңгелек үстелде қаралатын негізгі мәселе Түркі халықтары тарихының мектептерде оқыту әдістемесі.Осы тұста сөз қозғап, осы тұста пікір алмастыратын боламыз».
ГҮЛМИРА АСАНБЕКОВА ҰСТАЗ: «Негізінен бұл халықаралық семинар не береді десеңіздер, екіншіден екі ел арасындағы өзара тығыз байланысты көрсетеді, білім саласында атқарылып жатқан тың тақырыптардың ортақ қамтылуы туралы баяндайды және сол туралы алыстан келіп отырған және біздің қаламыздан келіп отырған тарихшылардың керемет ойларын тәжірбиелерімен бөліседі деген ойдамын».
Ортақ мұра,ортақ құндылық.Шараға жиналғандар бір жеңнен қол,бір жағадан бас шығарып, түркі дүниесінің мол мирасын бірлесе насихаттауға күш біріктірген абзал деп отыр.