Қазықстандық жастар Нидерланды да ұйымдастырылған халықаралық би байқауынан үшінші орынды иеленіп,еліміздің атын шығарды. Заман талабына сай дамып келе жатқан бұл өнер түрін паппинг стилі деп атайды.
Ерлі-зайыпты Дәурен мен Малика би өнерінің хипхоп,брекинг және паппинг стилі бойынша команда жасақтап,түрлі байқауларда еліміздің атын шығарып келеді.Бұл жолғы олжалары Нидерланды да ұйымдастырылған халықаралық байқау.Сен тұр мен атайын деген 50 команда қатысқан шарада 3-ші орын алып,елімізге абыроймен оралып отыр.Айтулы шараға жолдаманы онлайн кастинг арқыры өтіп, жетістікке жетіп отырған жайлары бар.
ДӘУРЕН АЙЖАРЫҚОВ ҚАЗАҚСТАНДА ПАППИНГ СТИЛІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
Паппинг (ағылшынша Popping) – әуенге сай дене бұлшық еттеріне қысым түсіріп, аздап робот сияқты қимылдау. Ол XX ғасырдың 70-жылдары Американың Калифорния штатында пайда болды. Бұрын «жетілдірілген брейк», «робот», «толқын», «электрик-буги» деген атаумен белгілі болған. Қазір әлемде жеке би стилі деңгейіне жетті. Паппинг қимылында ешқандай шектеу жоқ. Бұл стильді джи-фанк, пи-фанк секілді музыкаларға билеуге болады.
МАЛИКА АХМЕТОВА БИШІ: «Біз би өнерінің паппинг бағытымен шұғылданамыз.Бұл бағыттың хипхоп мәдениетінің бір бөлшегі. Айтулы өнер түрі АҚШ та дамыған,ол жерде би жекпежегі арқылы өздерінің мықтылығын көрсетеді.Байқауға қатысқанда біздің команда барын салды,жетістікке жеттік.Қазақстанның атын шығарғанымызға қуаныштымыз».
Өнерлі жұп мұнымен тоқтамақ емес, олар өздерінің би студияларында көптеген жастардың айтулы стильмен шұғылдануларына қол ұштарын бермекші.Сонымен қатар жасақталған командаларымен өзге де байқауларға қатысуды жоспарлап отыр.
ДӘУРЕН АЙЖАРЫҚОВ ҚАЗАҚСТАНДА ПАППИНГ СТИЛІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ