Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірін 17 ұлттың өкілдері білім алатын Алматыдағы №11 мектеп ұжымы да атап өтті. «Жерұйық» деп аталған шарада оқушылар бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттың мәдени дәстүрі мен салтқа толы түрлі көріністерін көрсетіп, әнін айтып, биін биледі. Мақсат оқушыларға өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебін ұғындырып, барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға әсер ету.
ЖАЗИРА АТЕЕВА -ҰСТАЗ