"
Елімізге танымал академик,физика-математика ғылымдарының докторы,Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Мұхтарбай Өтелбаевтың 80-жылдық мерей тойына арналған семинар ұйымдастырылды. Шара, Қонаев қаласындағы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында орын алды. Әлемдік математика ғылымында өзіндік орны бар азаматтың ғылымға сіңірген еңбегі орасан.Осыған орай, академиктің құрметіне байланысты арнайы орталық ашылған болатын.
АЗАТ ЖОЛАНОВА «БАЛДӘУРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ
Профессор Мұхтарбай Өтелбаев «мыңжылдық проблемаларының» қатарына жататын ең күрделі жеті математикалық тапсырмалардың бірін шешкен азамат.
Оған дейін осындай жетістікке Пуанкаре гипотезасын дәлелдеген Григорий Перельман ғана қол жеткізген болатын. Бүгінде ғалым,бас қаламыздағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және Ғылым академиясында шәкірттер тәрбиелеуде.
МҰХТАРБАЙ ӨТЕЛБАЕВ АКАДЕМИК, ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ