"

Адам баласының артынан ұрпақ қалдыруы — табиғи құбылыс. Алайда қазіргі таңда ана болу бақыты кез келген әйелге бұйырмайды немесе көп жылдардан соң ғана мүмкін болып жүр. Осы өзекті мәселеге байланысты «Бедеулікті емдеудің заманауи жолдары. Бүгінгі және болашақ қосалқы репродуктивтік технологиялар» тақырыбында Қазақстан репродуктологиялық медицина қауымдастығының XV Халықаралық конгресі өтті.

Қазақстан репродуктологиялық медицина қауымдастығы құрылғалы бері соңғы он бес жылда экстракорпоралды ұрықтандыру саласы қарқынды дамып, әлеммен бірге біздің елге де көптеген жаңа технологиялар енгізіліп келеді. Мәселен, бұрын құтыға салынған эмбриондарды арнайы сөреге салып, уақытына қарай тексеріп, қадағалап отырса бүгінде бұл қызметтің бәрін жасанды интеллект атқарады. Яғни, эмбриондарға ешбір манипуляция жасалмайды. Жасанды интеллект өзі тексеріп, диагностика жасап, эмбрионның жағдайын қадағалап отырады. Осы технологияның арқасында қазір әйелге салынған эмбрион дамып, сау баланың дүниеге келу көрсеткіші ұлғайды.

ВЯЧЕСЛАВ ЛОКШИН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ РЕПРОДУКТИВТІ МЕДИЦИНА ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, ПРОФЕССОР:  «Бүгінде технологиялар өте көп өзгерді. Соның бірі эмбриондарды таңдау бағдарламасына жасанды интелектті енгізу. Бүгінгі таңда барлық құралдарымыз осымен жабдықталған. Бізге эмбриондарды тиімді әрі толық таңдауға, оларды жатырға тасымалдауға, тез нәтиже алуға және ең бастысы эмбрионның жақынырақ табиғи жағдауда қалай дамып жатқанын, эмбриоскоптар оның даму уақытын байқауға көп көмегін беруде. Бұнымен біз бір жылға жуық жұмыс істеп келеміз. ЭКО бағдарламасының нәтижелерін айтарлықтай жақсартты дегім келеді».

Елімізде әр алтыншы отбасы бедеуліктен зардап шегеді. Оған экологияның нашарлығы, әйел мен еркек денсаулығының төмендігі себеп. Сондықтан да қазір ЭКО әдісіне сүйенетіндердің саны артып барады. 2021 жылы ҚР Президентінің тапсырмасымен елімізде үш жылға арналған «Аңсаған сәби» бағдарламасы қабылданып, мемлекеттік квотаның саны жетіс есеге ұлғайтылған болатын.

ВЯЧЕСЛАВ ЛОКШИН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ РЕПРОДУКТИВТІ МЕДИЦИНА ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, ПРОФЕССОР: «2021 – 2023 жылдар аралығында 21 000 отбасына ЭКО әдісі қолданылып, 10 000 астам бала дүниеге келді. Бұл үлкен көрсеткіш. Енді «Аңсаған сәби» бағдарламасы 2030 жылға дейін созылатын болды. Яғни, алдағы жеті жылда 49 000 бедеулікке шалдыққан отбасы аталған бағдарламаға қатысып, ата-ана атануына мүмкіндік бар».

Сонымен қатар, небәрі бес күндік эмбрионға диагностика жасап, ондағы тұқым қуалайтын аурудың бар-жоғын анықтауға мүмкіндік туды. Бұл Даун синдромы, арқа бұлшық-ет атрофиясы сияқты бірқатар туа біткен аурулардың алдын алуға ықпал етеді.

Қазақстан репродуктологиялық медицина қауымдастығының 15 жылдығына орайластырылған шарада еліміздегі ЭКО саласындағы істелген жұмыстарға қорытынды жасап, алдағы уақытта қандай мәселелер бар екені айқындалды. Сонымен қатар, конгресте еліміздің және халықаралық деңгейдегі мамандары бас қосып, әлемде репродуктология саласында қандай технологиялар қолданыста, оны біздің елімізге енгізу, ЭКО әдісінің халыққа қолжетімді болуы, халықтың репродуктивті денсаулығын жақсарту жөнінде пікірлерін ортаға салды. Шараға ҚР Сенат және Парламент Мәжілісінің депутаттары, еліміздегі ірі ғылыми-медициналық орталықтардың жетекшілері, АҚШ, Сауд Арабиясы, Дания, Испания, Ұлыбритания, Португалия, Қазақстан, Грузия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан жетекші мамандар қатысты.

МАРАТ ҚАЛДЫБАЙҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОМЕД КЛИНИКАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Еске сала кетейік, елімізде 2021 жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасы қабылданып, жыл сайын 7000 квота бөлінген болатын. Осы уақытқа дейін аталған бағдарлама аясында 6000-нан астам бала дүние келді. Биыл 2000-нан астам әйел тегін ЭКО әдісі арқылы бала көтерген.