Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 90 жылдық мерейтойына орай, баспасөз турын өткізіп, БАҚ өкілдеріне оқу ордасының жетістіктерін таныстырды.Толығырақ келесі бейнематериалда.

Жалпы ауданы 5 мың шаршы метрді құрайтын хабта креативті индустрия, жасанды интеллект, стартап жобалар жүзеге асырылуда. Ғимарат заманауи үлгіде жасақталып, ерекше дизайнмен безендірілген.Сонымен қатар, қалашықтағы №9 жатақханаға барып, студенттер үйінде жастардың игілігі үшін жасалған жұмыстарды, жалпы жатақхананың күрделі жөндеуге дейінгі және кейінгі жай-күйі көрсетілді. 

МЕЙІРБАЙ БЕКЖАН, ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ; «Сіздер тұрған ғимарат біздің факультеттің студенттерінің үйі, бізде жалпы ҚазҰУ-дегі жатақхана қоры тарихы 50 жылдан астам, соған қарамастан бізде құрылыс жұмыстары университет есебінен жасалып жатыр.Сіздер көріп отырған, артта тұрған бұған дейінгі қандай жағдайда болды, студенттердің жатын жағдайы, тұрмыстық жағдайы қазір биылдан бастап, яғни қыркүйек айынан бастап айқын көрінуі үшін бұны да дайындап қойдық, жаңарған жөндеу жұмыстарынан кейін  қайтадан осындай тап-таза, жаңартылған жөндеу жұмыстарынан өтті. Әзірге қолда барды барынша жөндеп, жинақтап студенттердің жағдайын жасауға тырысудамыз.»

Қазіргі таңда универститет қалашығында 15 жатақхана бар. Ағымдағы оқу жылында үш жатақханаға мен студенттер үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілген.