Министр қазақстандықтарға телефондағы интернетті үнемдеп, Wi-Fi бар жерде көп жүруге кеңес береді. Телефон тарифінің бағасын біз реттей алмаймыз. Тек үкімет тарапынан талапты ғана күшейтеміз. Ұялы байланыс операторлары базалық станция мен қондырғыларға қомақты қаржы құяды. Тарифтің өсуі сондықтан, ол нарықтық экономика деп ақталды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.
ЖАСЛАН МӘДИЕВ ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ «Сіздер үнемі видео жіберетін шығарсыздар. Сондықтан Wi-Fi бар кезде соған қосылып жүруге кеңес беремін. Мен де солай істеймін. Халықтың байланыс операторларына талап қойғаны да дұрыс. Біз, Үкімет ретінде талапты күшейтеміз. Секундына мГбт көлемін арттырып жатырмыз. Қазір 5G-ді 50 мегабитке жеткізуді көздеп отырмыз. Ұялы байланыс операторлары базалық станция, қондырғыларға қомақты қаржы құяды. Тарифтің өсуі нарықтағы жағдайға байланысты».