"
Алматыдағы Қазақ ұлттық унивеситетінің фонтанында қайтыс болған жасөспірімнің нақты неден көз жұмғаны әлі белгісіз. Бұл іспен Бостандық аудандық полиция департаменті айналысып жатыр деді бүгін үкімет отырысынан кейін журналистерге сұхбат берген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. Жас жігіт қаза тапқан мк бұрқақтан еш ақау табылмапты, қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, - деп хабарлайды Орда.кз.
САЯСАТ НҰРБЕК ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:
«Өкінішке орай, ресми қорытындыны алған жоқпыз. Бұл мәселені ұмытқан жоқпыз, бірақ сот медиицналық сараптаманың қорытындысын күтуге мәжбүрміз. Ресми түрде ақпарат береміз. Оқиғаға қатысты барлық ақпарат сот-медициналық сараптаманың ресми қорытындысынан кейін жарияланады».