Қайрат Сатыбалдыұлының елге қайтарған активтерінің жалпы құны 732 млрд 800 млн теңгеге тең. Оның ішінде 661,5 млн АҚШ доллары шетелде табылды, олар қысқа мерзімде Қазақстанға қайтарылды. Мүліктің бір бөлігі оның жақын туыстарына, өзі сенген тұлғаларға және бақылаудағы компанияларға рәсімделген. Қайтарылған активтердің ішінде әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, люкс үйлер, пәтерлер мен көліктер, акциялар мен компаниялардың үлесі, теміржол мен ақшалай қаражат бар.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Айта кетейік, мемлекетке қайтарылған қаржы әлеуметтік мақсаттарда пайдалануға бағытталды.