"
Алматы қаласының Қала күніне орай №207 мектеп-лицейінде оқушылардың қатысуымен спорттық жаттығу ұйымдастырылды. Іс-шара 2026 жылғы 10 қыркүйектегі №323 хат негізінде Алматы қаласы Білім басқармасының "Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының" бастамасымен 18 қыркүйек күні өткізілді.
Спорттық жаттығуға мектеп оқушылары белсене қатысып, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдерінің жетекшілігімен түрлі дене жаттығуларын орындады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру, спортқа деген қызығушылықты қалыптастыру және Қала күніне орай көтеріңкі мерекелік көңіл күй сыйлау.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық шаралар оқушыларды белсенді өмір салтына баулып, дене шынықтырумен тұрақты айналысуға ынталандыруға бағытталған.
Алматы қаласының Қала күні құтты болсын!
