Қарағандыдағы зауытта болған өрттен зардап шеккен алты адам хәл үстінде, жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы екі жұмысшының да жағдайы мәз емес. Барлығының денелерін көп деңгейде күйік шалған. Оларды емдеу үшін Астанадан мамандар арнайы ұшып келді. Қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр. Отандық мамандарға шет елдік дәрігерлер: Израйль мен Түркияның ақ халаттылары онлайн кеңес беріп отыр. Жұмысшыларды аман алып қалу үшін бар қолдан келген көмекті жасаймыз дейді жергілікті аурухана басшысы. Мына кадрлар оқиға болған күні жедел жәрдем келіп, алғашқы көмек көрсетілген сәтте түсірілген. Айта кетсек, 20 шілдеде Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында №1 пеште кенеттен жалын шығып, соның салдарынан сегіз адам зардап шеккен болатын. Болған жағдайдың себептері мен мән-жайларын тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбектi қорғау қағидаларын бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
БЕРІК ТІЛЕУБАЕВ МАКАЖАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
«Макажанов атындағы ауруханаға бүгін 8 науқас әкелінді. Олар жарақат алған жұмысы орынында. 8 науқас оның ішінде 6 жансақтау бөліміне жатқызылды өте ауыр жағдайда және 2 науқас ауыр жағдайды терапеяға жатқызылды. Қазіргі кезеңде бүкіл науқастарға керек көмек жасалды. Зерттеу бәрі керек мамандар қарап шықты. Астанадан ғылыми зерттеу институның бас травмотолог бас анестезиолог келіп, науқастарды емдеу шараларына керек өзгерістерді енгізді».