Оралдағы М.Мөңкеұлы көшесі, 79/1 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесі кәріз суына толған. 60 астам жанұя қоныстанған тұрғын үйдің мәселесі мұнымен бітпейді. Аулаларында ойын алаңы жоқ,жеделсатының іске қосылмауы да тұрғындардың күнделікті өмірін қиындатып жіберген.
Тұрғындар бұл үйге қоныстанғандарына бір жарым жылдың жүзі болса да қордаланған мәселелердің шешілер түрі жоқ.
НҰРТІЛЕК ЗАЙНЕДЕНОВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Егде жастағылар мен жүкті әйелдер, бүлдіршін балаларға қиындық тудырып тұрған жеделсаты қызметі ауыз суды тасып ішетін тұрғындар үшін де айтарлықтай азабы бар.
БАУЫРЖАН РАЯНОВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Тұрғындар жауапты мекемелерге жазбаша хат та жолдаған. Алайда жауап жоқ. Жедел сатыны қондырған жергілікті компанияның айтар жауабы тапсырыстың қаражаты төленіп, ПИК-пен келісімшарт жасалса, іске қосуға болады.
ӘЛІБИ АЙТАЛИЕВ МЕКЕМЕ ДИРЕКТОРЫ
Жағдай бұлай өзгеріссіз қала беретін болса тұрғындардың құрылыс компаниясын сотқа беруден басқа амалы қалмаған.