Өзінің қол астындағы қызметкерлерінен заңсыз ақша жинаған ветеринария қызметінің басшысы 3 жыл 6 айға сотталды. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған. Түркістан облыстық ветеринария басқармасы Ветеринарлық қызметінің басшысы Бахытжан Бегманов ауданда жұмыс істейтін 115 қызметкерге сыйақы ретінде төленген жалпы сомасы 5,5 млн теңгені еңбеккерлерге бермей, қалтасына басқан.
Қалалық сот экс-басшының бұл әрекетін заңға қайшы деп тауып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру туралы жаза кесті. Экс-шенеунік енді мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылады. Алайда, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.