Қостанайда газ балон жарылып, бір қабатты ғимарат құлады. Үйінді астынан шығарылған 40 жастағы ер адамның жағдайы тым ауыр. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Жедел жәрдем қызметі зардап шеккен 7 адамды қалалық ауруханаға, 4 адамды Қостанай облыстық ауруханаға жеткізді. Қазіргі таңда қалалық ауруханаға жеткізілген 3 адам орташа дәрежедегі жарақаты бойынша жатқызылды. Зардап шеккендердің, шамамен жасы 40-тағы ер адам ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Қазір барлық ем-шара жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, 3 адам амбулаториялық ем алатын болады. Ал облыстық ауруханаға жеткізілген 4 зардап шегушіні ауруханаға жатқызуға негіз жоқ. Дегенмен бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болады. Өкінішке орай, бір адам оқиға орнында қаза тапты. Зардап шегушілер саны 13-ке жетті.