Қызылорда қаласындағы тұрғын үйдің бірінде газ жарылды. Оқиға Әл-Фараби шағын ауданында болды. Оның салдарынан кәмелетке толмаған төрт бала зардап шекті.
Жарылыс газ-ауа қоспасының шығып кетуінен орын алған. Газ жарылысынан кейін үйде өрт болған жоқ, дегенмен тұрғын үй ішінара қираған. Зардап шеккен төрт жасөспірім шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы ауыр. Балалардың жасы 14 пен 19 жас аралығында. Қазір олар облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер әзірге ешқандай болжам айтпады.
АЙГҮЛ АМАНҚЫЗЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: «Кеше реанимация бөліміне 2-3 дәрежелі күйікпен 4 бала түсті. Олардың денесінің шамамен 50-60%-ын күйік шалған. Ауруханаға жеткізілген сәтте балалардың жағдайы өте ауыр болды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы ауыр әрі тұрақты деп бағаланады.Балалардың денсаулығы облыс әкімшілігінің жіті назарында».