Баспана кезегінде тұрып, кезегіміз баяу қозғалуда. Дәл осындай арызбен 77 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны шағымданды. Зейнеткердің айтуынша тіркелген сәттен бастап 11 жыл ішінде олардың кезегі бірнеше орынға ғана жылжыған.
Қызылорда қаласының тұрғыны Болат Ұлықпанов қыздан туған жиенінің баспаналы болуын қалайды. Тағдырдың жазғаны болар,күйеу баласы бірнеше рет сотты болып, қызы денсаулығынан айырылған. Осыны ескерген қарт немересін өз қолына алуды жөн санап, 15 жылдан астам уақыт бағып-қағып келеді. Дегенмен, 16 жастағы немересін Тұрғын үй кезегіне қойғанымен, бұл салада шикілік байқаған ол, барған жері баспаған тауы қалмаған.
БОЛАТ ҰЛЫҚПАНОВ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Қала тұрғынының өтінішіне сала мамандарының жауабы мынадай.
ГҮЛМИРА ПАЗЫЛОВА ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ
Болат Ұлықпанов-өзінің қартайғанына қарамастан, үмітін үзбек емес. Жиені Қарақаттың баспана бақытына кенелуін өз көзімен көруді қалайды.