"
Алматы облысы Кеген ауданындағы атақты Қарқара жайлауында салт дәстүрімізді дәріптейтін Қымызмұрындық-2024 мерекелік шарасы биыл халықаралық дәрежеде өтті. Жыл сайын дәстүрге айналған шарада қонақтар назарына қолөнер бұйымдарынан көрме таныстырылып,ұлттық спорт түрлері салтанат құрды. Жиналған көпшілікке театрландырылған көріністер көрсетіліп,ұлттық сусын қымыздан дәм татырылды. Тамыры ауылдың өмірімен,өнегелі дәстүрімізбен астасып жатқан шараға жиналған көпшіліктің көңілін бір көтеріп тастады.
Ұлттық сусынның құндылығын насихаттап, ата-бабамыздан келе жатқан игілікті дәстүрімізді жаңғыртқан шара Жолан бәйгесімен жалғасты.