Қытайдың Ганьсу провинциясындағы ауылдардың тұрғындары дүйсенбіге қараған түні болған 6,2 баллдық жер сілкінісінен кейін суықта зардап шегуде. -15 градус суықта балаларымен шатыр астында түнеуге мәжбүр.  

Жер сілкінісінен кейін үйлердің көпшілігі қираған немесе бүлінген, бас сауғалауға шатырлар барлығына жетпейді. Кейбірі  қолда бар материалдардан өз күштерімен бүркемелер салуда.

МА ХАЙЦЗЕ -  АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ  
"Менің екі балам басқа адамдардың шатырында ұйықтайды.   Бірақ  оларда төсек-орын жоқ. Кеше күйеуім мен екі қызым түні бойы көшеде тұрды. Қазір олар көршілерінің шатырында ұйықтап жатыр. Екі қызым суықтан  қатып қалды ".

Адамдарға  жылынып және тамақ дайындау үшін көмір таратып жатыр.   Бұл лагерьден баспана, ыстық тамақ, су және ең қажетті заттарды алуға болады. Алайда бұл көмек барлығына жетіспейді. Жер сілкінісінің ошағы Цзишишань уезінде Ганьсу және Цинхай провинцияларының шекарасына жақын жерде орналасқан. Жер сілкінісі кезінде Ганьсуда 113 адам қаза тауып, 780-тен астам адам жарақат алғаны хабарланды. Хабар-ошарсыз жоғалғандар туралы айтылмады. Сондай-ақ онда 207 мыңнан астам үй қирап, 15 мыңға жуық үй зақымданған.  Көршілес Цинхай провинциясында 22 адам қаза тауып, 198 адам зардап шеккені хабарланды. Тағы 12 адам хабар-ошарсыз кеткен. Бұл ретте Ганьсуда билік құтқару операциясын аяқтағанын хабарлады. Оған бар-жоғы 15 сағат уақыт берілген.  Сарапшылардың айтуынша, бұл жеткіліксіз және тірі қалғандарды іздестіру әдетте кемінде 72 сағат жүргізіледі.

ГОБИНДА БАШЬЯЛ – ГИМАЛАЙ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ  
"Жер сілкінісінен кейін құтқарушылар  72 сағат жұмыс істеуі орынды уақыт деп ойлаймын. Егер біз көшкін және басқа да зілзалалар туралы айтатын болсақ, әр мунит маңызды.  Бірақ жер сілкінісі кезінде 72 сағатта көп нәрсе жасауға болады ". 

ҚХР билігі бұрындары табиғи апаттарда қаза тапқандар мен зардап шеккендер санын жиі төмендетіп отырды. Бұл жолы жағдай қайталануы мүмкін. Бұдан басқа, Ганьсу провинциясы көршілес өңірлерден, сондай-ақ басқа елдерден келген құтқарушылардың көмегінен бас тартты. Бұл көмектің жоқтығын жасыру үшін жасалуы мүмкін деген болжамдар бар.