Тимур Құлыбаевтың әкесіне тиеселі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды. Оның құны -66 млн долларды құрайды. Ол Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында орналасқан. Бұл мүліктің заңсыз жолмен алынғаны анықталыпты. Сот актісі күшіне енді,бұл туралы Бас прокуратура ресми мәлімдеме жасады.  

 ЕРЛАН ЖАНПЕЙСОВ ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Құны 66 млн доллар болатын мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды. Терминалдың ауданы – 134 гектар. Талап-арыз Асқар Құлыбаевқа тиесілі компанияның шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қоюы салдарынан келтірілген залалды өтеу үшін берілді. Бас прокуратура мәліметінше, 2011 жылы мұнай терминалы Асқар Құлыбаев компаниясының меншігіне алынған. Биыл 26 ақпанда Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды. Осылайша, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды».