Үлкен Алматы су каналы әбден тозған. Егер үкімет өзі араласып Алматы мен Алматы облысы маңайындағы су қоймаларын дер арада ретке келтірмесе, жағдай қиын. Осылай деген сенаторлар бүгін Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады. Олар 2030 жылға қарай елімізде таза ауыз суды былай қойғанда ауыл шаруашылығы мен өндіріске су тапшы болады дейді. Егер жаңадан құрылған жауапты министрлік жұмысты бүгіннен бастамаса, ертең бәрі кеш болуы мүмкін. 

ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Алматы облысының өңіріне тұрақты дамуына қауіп төндіретін күрделі мәселелер бар. 1982 -1985 жылы жылдары пайдалануға берілген сәттен бері жөндеу жұмытарын көрмеген Бортағай су қоймасы, Қонаев атындағы үлкен Алматы каналы, Күрте, Қорам, Киікбай каналындағы жағдай жедел араласуды және кешенді жөндеу жұмыстарын талап етуде. Олардың бүгінгі жағдайы нақты тозудың 60 пайызын көрсетіп отыр».

Бұл проблеманы жою үшін ең алдымен су кодексі туралы жаңа заң әзірлеу керек. Онда құрылыс жұмыстарына қаржы бөлініп, кадр мәселесі шешімін табуы тиіс. Одан бөлек, халықтың да сауатын көтеріп, суды үнемдеп пайдаланға үйрету қажет. Әйтпесе, 2030 жылы бір тамшы суға зар болуымыз бек мүмкін дейді сенаторлар.