«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 6,9 млн баланың есепшотына қаражат аударылды. Оның 305 мыңдайы биыл 18 жасқа толады. Яғни, олар бұл қаражатты білім алуға және баспаналы болуға жұмсай алады. Осы мақсатта 9 күннің ішінде біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 100-ден аса өтініш түскен. Статистикалық деректерге сүйенсек, балалардың ең көп саны 922 841 бала Түркістан облысында тұратынын көруге болады. Оларға 92 763 977 доллары есептелді. Балалар саны бойынша екінші орында Алматы қаласы. Үшінші орында - Алматы облысы тұр. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Басқарушы директоры Мұрат Шәріпов айтты.
МҰРАТ ШӘРІПОВ «БЖЗҚ» АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: «Осы 6 919 131 баланың биыл 18 жасқа толатын 304 815 баланың БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шоттарына ақша түсті. 9 күннің ішінде БЖЗҚ-ға 100-ден астам өтініш түсті. Оның ішінде 54-і білім беру ақысын төлеуге, 49-ы тұрғын үй жағдайын жақсартуға қатысты. Осы өтініштердің 63-і орындалды, 21-і қарастырылып жатыр. Қалған 19-ы қабылданбады. Қабылданбаған себебі, олар дұрыс өтініш қалдырмаған. Олар қайтадан өтініш қалдыра алады».