Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.Олардың жетегімен қаншама шәкірттер түлеп,үлкен өмірден өздерінің орындарын тауып жатыр.Сондай кәсіби маманның бірі Арайлым Санақбек.Ол Алматы қаласындағы №205 жалпы білім беретін мектепте 7-жылдан бері бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етіп келеді.Көптеген білім сайыстарынан топ жарып жүрген ол,үздік ұстаздардың алды деуге болады.
АРАЙЛЫМ САНАҚБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №205 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ҰСТАЗЫ, ПЕДАГОГ-САРАПШЫ