Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері Алматыда бас қосты. Онда Ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов баяндама жасады.
Тараптар ұжымдық күштерін бірлесіп даярлау, әскери техникамен жарақтандыру бойынша бірнеше маңызды құжаттарға қол қойды. Құжаттардың кейбірі бітімгершілік контингенттерін дайындауға қатысты. Сондай-ақ олар тәжік-ауған шекарасын нығайту бойынша да келісімге келді. Маңызды кездесуден кейін ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері Алматыдағы 28 Панфиловшылар паркінде екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған батырлар рухына арнап гүл шоқтарын қойды.