Грузияның астанасы Тблисиде өткен парадзюдодан Әлем кубогында Қазақстанның намысын қорғап, алтын медаль жеңіп алған Айдана Ғазизқызы туған жері – Қызылордаға оралды.Жерлесіміз жарыстың алғашқы айналымында ресейлік спортшыны айқын басымдықпен жеңсе, жартылай финалда Англия спортшысынан басым түсті. Ал шешуші сында Париж Олимпиадасының  чемпионы, бразилиялық Силва Ребеканы жеңіп, алтын медаль иегері атанды.

АЙДАНА ҒАЗИЗҚЫЗЫ, ПАРАДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Чемпионды темір жолдан туған-туыстары, бапкерлері мен жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алды. Көпшілік Айдананың бұл жеңісін Қазақстан спортының үлкен жетістігі деп бағалап, болашақта жаңа белестерді бағындыруына тілек білдірді. Қызылорданың қайсар қызы алдағы жарыстарда да ел абыройын асқақтатады деп үміттенеміз.