Алматы әуежайының маңындағы балалар алаңында «тамағы тілінген» ер адамның мәйіті табылды. Күдікті ізі суымай ұсталды. Алдын ала болжам бойынша, қылмыс алкогольдік ішімдікті бірге ішу негізінде жасалған.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Күдікті ізі суымай ұсталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала болжам бойынша, қылмыс алкогольдік ішімдіктерді бірге ішу негізінде жасалған. Екі ер адам ішімдік ішкен. Басқа жағдайлар анықталуда».