
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 1091
https://www.youtube.com/embed/n6EFZNwBye0?si=2jpdqy09-rEUa9N9"
Бүгін Барахолка базарының кәсіпкерлері Алматы қаласы әкімдігінің мақсаты не? Барахолканы жабу ма,жаңғырту ма? тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді. Базынасын айтқан базар иелерінің жан айқайын тілшіміз тарқатып берсін.
Күндерін күнделікті тапқан тиындарымен көріп отырған мына кәсіпкерлердің тағдыры қылыштың қырында,иненің ұшында тұр. Базарды жаңғыртуды желеу еткен әкімдік пен саудагерлердің арасы қып-қызыл мылтықсыз майдан. Салығын төлеп,ешкімге алақан жаймай өз күндерін көріп отырғандардың кәсіптерінен береке,өмірлерінен мереке кеткен.
СӘУЛЕ АБДУЛЛИНА «ЕВРАЗИЯ» САУДА ҮЙІНІҢ КӘСІПКЕРІ
ЛӘЗЗАТ КӨПЕРБАЕВА «РАХАТ» БАЗАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРІ
Заң жүзінде күресіп келе жатқан кәсіпкерлер мұның астарында астыртын алақан майлау жатыр ма деп те ойлайды. Айдың күннің аманында орындарынан айырылып қаламыз ба деген күдікпен базар аумағында ішінара қауіпсіздіктерін де күшейткен.
ТАМАРА ЖҰМАНДЫҚОВА КӘСІПКЕР
Қай құзырлы органға барса да оң көзқарас көрмеген кәсіпкерлер заң үстемдігін талап етіп отыр. Енді бізге тек президентке үміт артудан басқа амалымыз қалмады деп ашығын айтты.
ЖАМИЛЯ ТӨЛЕНОВА ЗАҢГЕР ТКМ ЖШС ӨКІЛІ
Әділдік іздеп әлек болған кәсіпкерлердің тағдыры әзірге беймәлім күйде. Күндерін судамын көріп отырған олардың жағдайы оң шешімін табар деген үміттеміз.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 633
https://www.youtube.com/embed/XKt0a-n7bag?si=nUYIQXr-PtFUkort"
Алматы қаласында ҚР Көлік министрлігінің, Азаматтық авиация комитетінің және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қолдауымен ИКАО TRIP жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы бойынша аймақтық симпозиумның ашылуы өтті. Вице-министрі Талғат Ластаевтың сөзінше, жақын арада жолаушыларға тіркеу пункті мен шекаралық бақылауға барудың қажеті болмайды. Жолаушыға тек электронды құжаттары мен биометриялық деректерін сканерден өткізетін арнайы аркадан өту жеткілікті болмақ.
«Traveller Identification Programme» деп аталатын аймақтық симпозиум алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылып отыр. Бұл жолаушыларды сәйкестендіру процесін басқарудың барлық аспектілері бойынша ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін әлемдік деңгейдегі іс-шара. Оның негізгі бағыты – технология мен инновация арқылы жолаушылардың ұтқырлық деңгейін арттыруға бағытталған.
ТАЛҒАТ ЛАСТАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӨЛІК ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Қазақстанның авиациялық билігі азаматтық авиацияның қауіпсіз дамуын және әуе транзитінің тартымдылығын арттыруды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, бұл саланы басқарудың жаңа тәсілдерін енгізу және ұшу қауіпсіздігінің әлемдік стандарттарға сәйкес деңгейін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Мұндай жүйені іске қосу үшін заңнаманы синхрондау қажет, яғни, бірінші кезекте биометриялық деректер базасына қол жеткізу, шекара қызметі, кеден қызметі және әуе компаниялары бар жүйелерді біріктіру қажет.Қазіргі уақытта бұл жұмыстар жүргізілуде».
TRIP симпозиумының жұмысына Канада, Франция, Швейцария, Түркия, Катар, Сингапур, Америка Құрама Штаттары, Қытай, Сауд Арабиясы, Австралия және т. б. 30 елден ұсынылған 280-ден астам мамандар бас қосты. Іс-шараға қатысқан барлық мемлекеттік шенеуніктер, сондай-ақ азаматтық авиация субъектілері ИКАО-ның жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасын (TRIP) және онымен байланысты кездесулер туралы тың ақпараттармен хабардар болды.
СИЛЬВЭН ЛЕФУАЙЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ (ИКАО) АВИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ФОРМАЛЬДЫЛЫҚТЫ ОҢАЙЛАТУ СЕКТОРЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Біздің бірінші мақсатымыз – азаматтарды авиациялық қауіпсіздік тұрғысынан қауіпсіз ұшуды қамтамасыз ету, сондай-ақ ұшулардың экологиялық тазалығы тұрғысынан формальдылықты жеңілдету. Бүгін біз осы іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен жоғары деңгейдегі сарапшыларды шақырдық. Бұл біздің Қазақстанды аймақтық және әлемдік аренада танытуға деген ұмтылыстымызды көрсетеді. Сонымен қатар, авиациялық индустриядағы рөлін нығайту үшін Қазақстанның әлеуеті мен мүмкіндіктерін көрсетуге дайын екенімізді айтқым келеді».
Сонымен қатар, симпозиумға қатысушылар ИКАО-ның ашық кілттер каталогы (PKD) кеңесімен танысты. Оның 9-қосымшасының 75-жылдығы мен маңыздылығының белгісі ретінде 2024 жылды «формальдылықты жеңілдету жылы» деп жариялау туралы шешім қабылдады. Айта кетейік, іс-шара бағдарламасы үш күнге жалғаспақ. Осы уақыт шеңберінде ИКАО-ның TRIP стратегиясының бес элементімен тікелей байланысты 10 сессия өткізу жоспарланған.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 678
https://www.youtube.com/embed/2b_EjPhN7gA?si=szULOOesJ8hasHHs"
Оқушының жүріс-тұрысы мен сабағына ұстаздар ғана жауап беруге міндетті емес.Бала тәрбиесі ең алдымен әр отбасынан басталуы тиіс. Бүгінде атылмыш мәселеге ерекше көңіл бөліне бастады.Өйткені жастардың арасында түрлі жағдайлардың орын алуы жиілеп барады. Кезкелген жағдайды алдын-алу арқылы тоқтатуға болатынын ескерсек, ата-ананың тәрбиесінен асқан құндылық жоқ екенін түсінеміз.Осы мақсатта білім ошақтарында әкелер мектебі жұмыс жасай бастады.
МАДИЯР АЗАНБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ № 13 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
Бала тәрбиесі ортақ мәселе болғандықтан мектеп қабырғасында әкелер аптасына үш мәрте кездесу шараларын өткізеді.Онда балаларды өнерге баулу мақсатында тәрбиелік мәні бар жұмыстар жүргізеді. Ер балаға тән қасиеттерді бойларына сіңіруге тырысады.
ҚАСЫМЖАН СОПИЕВ ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ МҮШЕСІ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 625
https://www.youtube.com/embed/HRHhHN4-hzo?si=2FKP8PS39QDDnXhn"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 697
https://www.youtube.com/embed/rQikB2gHTns?si=BVn2n95NjAlJ5qeb"
Енді мектеп оқушыларына сабақ үстінде телефон ұстауға тыйым салынады. Мәжіліс заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. Заңға мұндай норма енгізуге ұстаздардан түскен шағым себеп болған. Айтуларынша, бала мектепте смартфонмен отырса, сабаққа деген зейіні болмайды. Ал, сабақтан тыс мектептің дәлізінде телефон ұстауына шектеу жоқ. Одан бөлек, министр педагогикалық оқу орынын бітірген түлектерге қатысты жаңалықпен бөлісті.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ: «Бітіруші түлектер жұмысқа орналасу алдында біліктілігін растау үшін міндетті түрде сертификаттаудан өтіп, содан кейін барып конкурсқа қатыса алады. Биылдан бастап министрлік колледждерге қойылатын біліктілік талаптарын күшейтті».
Айта кетейік, еліміздегі колледждерде мұғалім тапшы. Шамамен 5 мың маман жетіспейді. Сондықтан, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мұғалім болғысы келетін жастарды қолдау керек деді.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Енді оқыту сапасын арттырып, педагогикалық жоғарғы оқу орындарымен колледждердің студенттерін оқыту әдістемесін қайта қарау қажет. Қазіргі заманғы талаптардың барлығын ескеру қажет».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 582
https://www.youtube.com/embed/YrZC0BAnLpc?si=Zor-ZGl9ttfiecV_"
Қазақстанның жүк көліктері Батыс елдеріне жете алмай жатыр. Себебі, Ресей мен Белорусь арқылы жүк тасымалдау қиындаған. Сондықтан Қазақстан балама жол іздеуге мәжбүр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев айтты. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Ресей мен Беларуське салынған санкция Қазақстанның жүк тасымалына да салқынын тигізіп отыр. Вице-министрдің ақпараты бойынша Беларусь пен Еуропа елдері арасындағы орналасқан 13 өткізу пунктінің 8-і және Ресей мен Финляндия арасындағы барлық өткізу пункті жабық. Баламалы жол ретінде Қазақстан Түркіменстан мен Иран елдері арқылы еркін транзитті қамтамасыз ету үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. Айтпақшы, алдағы жылдары Қытаймен жүк тасымалы артып, бюджетке қомақты қаржы түседі деген де болжам бар.
СӘТЖАН АБЛАЛИЕВ ҚР КӨЛІК ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Қазақстан арқылы автокөлікпен тасымалданатын транзинттік жүк көлемі 1 пайыздан аспайды. Әлемдік тәжірибеде тез бүлінетін медициналық, қымбат және қысқа мерзімде жеткізілуді талап ететін тауарлар негізінен автокөлікпен тасымалданады. Сондықтан Қытайдан Еуропаға баратын жүктердің Қазақстан арқылы транзинтпен өту көлемін ұлғайтудың үлкен әлеуеті бар. Алдағы уақытта жыл сайынғы тасымал көлемі артады деп болжанып отыр».
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов отандық жүк тасымалдаушыларға артық талап қоймау керек деп отыр. Құжаттардың ұзақ тексерілуі мен шекарадағы кептеліске көлік иелері наразы.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Негізгі күре жолдардың қатарында Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Солтүстік – Оңтүстік, ТРАСЕКА және басқаларын айтуға болады. Сондықтан аталған бағыттар бойынша жүк тасымалын ұлғайту және жүктердің жылдам өтуін қамтамасыз ету үшін бұл саладағы кедергілерді барынша қысқарту қажет. Олардың қатарына шекарадағы кептелістер мен құжаттардың ұзақ рәсімделуін, инфрақұрылым сапасын, ұйымдастыру жұмыстарының нашарлығын және көптеген басқа да жайттарды жатқызуға болады. Көлік иелерінен келіп түсетін шағымдар көбіне осы мәселелерге қатысты. Сонымен қатар жүктер мен құжаттардың тым ұзақ тексерілуі де наразылық туғызады».
Одан бөлек, Премьер-Министр жол бойындағы сервис сапасын да сынға алды.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Жол бойындағы сервис бойынша сұрақтар бар. Мәселен Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзиттік дәлізінің іске қосылғанына 5 жылдан асса да, жол бойындағы сервисті әлі күнге дейін дамыта алмай келеміз. Бұл туралы бірнеше рет айтылды, тиісті тапсырмалар берілді,бірақ өзгерген ештеңе жоқ. Халықаралық жолдар мен ішкі маршруттардың бәрінде де осындай жағдай. Сервис объектілері үшін жол бойынан жер учаскесін беруді әкімдіктер созып жіберді. Осыған байланысты инфрақұрылымның дамуы тоқтап тұр».
Айта кету керек, алдағы уақытта жүк тасымалдаушыларға бланк беру механизімі айтарлықтай жеңілдеуі мүмкін.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 610
https://www.youtube.com/embed/ZLfgdKasywo?si=PvSxJDbvsmDjam56"
Солтүстік Қазақстан облысында 18 часов действия 817 очков туа биткен жүрек ақаулары бойынша есепте тұр. Бірақ, оларға консультативтік көмекті Астана қаласының ғылыми медицина орталығынан келген кардиохирург мамандар береді. Себебі, өңірде балалардың кардиохирурги жоқ. Елордалық дерігерлер қазір облыстық балалар ауруханасында қабылдау жүргізіп жатыр.
Туа биткен жүрек ақауы өте күрделі процесса. Бұл ауды қазір нәресте анасының құрсағында жатқанда арнайы ультразвуковые арқылы анықтауға болады. Жүрек ақауы тұқым қуалауы мүмкін, агер әйел адам жүктілик кезинде қандай да бір аурумен айырып, антибиотики қабылдахан болса соның зияны балаға әсер етуі ықтимал дейді маминдар. Сонымен қатар, экология мен дұрыс тамақтанбау да индеттің пайда болуына сеп болатын көрінеді.
РИНАТ МАЙОРОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ҒЫЛЫМИ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КАРДИОХИРУРГЫ: «Туа биткен жүрек ақауларының бірнеше түрі болады. Кейбірине туғанда осы диагноз қойылып, кейіннен жазылып кетуі мүмкін. Яғни, бұл жеңіл түрі. В конце концов, это еще не все, что вам нужно сделать, чтобы узнать больше о том, что происходит с вами. Бірақ, осы ауру бойынша есепке тұрған әр балла кардиологтың бақылауында болады».
Жалпы, ликвидируйте туа биткен жүрек ақауы ерте кезеңде анықталады. Соломедь де рігерлер уақтылы емдеуге кірисіп, аудың алдын алады. Өңірге іс-сапармен келген Астаналық мамандар екі күннен бері қабылдау жүргизіп жатыр. Бір күннің өзінде 80-нен астам баланы тексерген.
РИНАТ МАЙОРОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ҒЫЛЫМИ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КАРДИОХИРУРГЫ: «Біз аудың дережесіне қараймыз. Егераны балң жағдайы ауыр болса Астана қаласына жолдама беременна де, соль жақта емдеп, ота жасаймыз. Если у вас есть проблемы с сердцем, кардиологи бақылауына болуы керек екенін айтамыз. Алайда, бұл ата-аналарға психологиялық жағынан ауыр тиеді. Баласына от жасатқан ана емдеу процесса қалай өтетінін біледі және олар сабырлылық танитады. Ал, кардиологтың бақылауында есепте тұрған балалардың, ата-аналардың бойында қорқыныш,үрей болады. Жалпы біздің орталық мамандары жыл сайын «консультативтік кеңес халыққа көмек» бағдарламасы аясында облыстарға шығып, осындай қабылдау өткізеді».
Бүгін кардиохирургтың қабылдауына келгендердің бірі – Надежда Свечкарева.Оның қызы Маргаритаға 2 ай болған кезде жүрегінің ақауы анықталған.
НАДЕЖДА СВЕЧКАРЕВА СҚО ТҰРҒЫНЫ: «Қызым екі айлық болған кезде біз пневмания болып ауруханаға яттық. Бұл диагноз соль кезде қойылды. Ешқандай емдік шараларын жүргізген жоқ. Тек бақылауда болды. Бүгін дерігердің қабылдауына келдік. Тексеріп, барлығы жқсы деді.Енді қайтадан бір жылдан кейин кардиологтың қабылдауына келеміз».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 656
https://www.youtube.com/embed/s2aeo6oPMA8?si=CjTAvevo_o7KspjB"
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Жас ұстаз,табысқа апарар жол» деп аталатын форумдар ұйымдастырылуда.Шараның негізгі мақсаты, педагогика саласына қадам басқан мамандардың тәжірибиесін арттыру.
Республикалық форум ерекше көңіл-күймен бастау алды. Жас мамандар арнайы ұйымдастырылған флешмобқа қатысып, күн тәртібін серігіп алудан бастады.
Форум жұмысына Алматы облыстық білім басқармасының мамандары, педагогикалық шеберлік орталығының ғалымдары мен жастар қатысты. Онда таңдаған салаларының ұлт мұраты үшін маңыздылығы, біліктілік пен жаңа технологияға ептілік секілді ұстаздарға қажетті мәселелер әңгіме өзегіне айналды.
БЕРІК АСУБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПШО ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Білім саласында жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында көптеген өзгерістер орын алып келеді.Онда жалақының өсуінен бөлек, статустарының жоғарылауы жастардың осы салаға бет бұруына септігін тигізіп отыр.Форумға қатысқан қонақтар, жастарды жігерлендірер мәселелерді алға тартты.
ӘЖМАТ ӘЛІМОВ ЗАПАСТАҒЫ ПОЛКОВНИК

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 675
https://www.youtube.com/embed/PaZiU-hHEXM?si=Fit4xr5YI6wFjLky"
Оңтүстік Америкада жүздеген құрып кету қаупі төнген өзен дельфиндерінің өлімі миллиондаған адамдар үшін қауіпті болып тұр. Бұл Амазонка тропикалық орманындағы бұрын-соңды болмаған құрғақшылықтың салдарынан дейді мамандар. Апат салдарынан өзен мен оның төрт ірі саласының су деңгейі кем дегенде жарты ғасырдағы ең төменгі деңгейге дейін жеткен. Мамандар келесі жылы бұдан да қатты құрғақшылық болады деп болжап отыр.
РОЗИМЕЙРЕ АРАУЖУ СИЛВА ҒАЛЫМ: «Келесі жылы да құрғақшылық болуы мүмкін. Осыған байланысты су деңгейі одан да төмендейді».
Табиғи апаттан Бразилияның Амазонас штаты ең көп зардап шекті. Мұнда қыркүйек айында төтенше жағдай жарияланған болатын. Адамдарға су мен негізгі азық-түліктер ұшақтар мен шағын кемелер арқылы жеткізіледі. Пациенттерді де әуе көлігімен тасымалдауға тура келеді. Сонымен қатар, мыңдаған оқушылар мектепке қайықпен бара алмайтындықтан онлайн режимге ауысуда.
РОЗИМЕЙРЕ АРАУЖУ СИЛВА ҒАЛЫМ: «Бұдан ең көп зардап шегетін – қарапайым халық».
Болжам бойынша, жағдай тек 2024 жылдың аяғында жаңбырлы маусымның басталуымен қалыпқа түсе бастайды. Дегенмен, кейбір ғалымдар Амазонка жауын-шашынның екі маусымынан кейін 2026 жылға дейін қалпына келмейді деп санайды. Бірақ Эль-Ниньо құбылысына байланысты қатты жаңбыр жауатынына ешкім кепілдік бере алмайды. Себебі ол, бірнеше жыл сайын жаһандық ауа-райын өзгертіп, Оңтүстік Американың Тынық мұхиты жағалауындағы суды қозғап, жаңбырды осы бағытта тартып, Амазонка аймағын жауын-шашыннан айырады. Қазіргі Эль-Ниньо 2024 жылдың ортасына дейін созылады деп болжануда.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 696
https://www.youtube.com/embed/MHHXshpbwRA?si=7TUcz3C9A7fuUOkM"
Қоғамда бәс тігіп, оңай ақшаға кенелгісі келетіндер қатары артып барады. Батыс Қазақстан өңірінде 2021 жылдан бері 20-дан астам заңсыз ойынға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 100-дневный астам ойын жабдығы мен терминал тәркіленди. Ал Ақтау мен Жаңаөзенде 25-ке жуық ойын залының қызметі тоқтатылды.
Ойынқұмарлық. Тәуелдилік. Соңғы жылдары етек жайып келе жатқан қоғам дерти бұл. Аты-жөнін атамауды сұраған кейіпкеріміздің күйеуи құмар ойынның құрбанына айналған. Соның кесіренен қомақты қаржысынан, типі мүлкінен де айырылып, қарызға белшесінен батхан. Қазір бұл әйел балаларымен жалдамалы пәтерді жағалап, күн көріп жатыр. Ал жеңил ақшамен табысын көбейткісі келген жолдасы жұмыс жасамайды, табыс та таппайды. Кроме того, өзімен қоса балаларынка да ұратынды шығарған.
ТҰРҒЫН: «Содан полицей қызметкерлеріне звондап, есепке тұрдым. Полицией қызметкерлері енді жолдасымды өздері сөйлесіп, түзелтпесе менің амалым болмай тұр.Жалдамалы пәтерде тұрамыз. 2 баламен мен үйде отырмын. Кейде тума-туыс, кейде дос көмектеседі. 2 очка кішкентай болғаннан кейин ешқайда жұмысқа шыға алмай отырмын. Күнде жұмысқа тұрамын деп кетеді. Одан должен быть готов к использованию. Ішіп келген соң ұрыс-төбелес басталады».
Бүгинде экономикилық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері өңірдегі заңсыз ойын бизнесстерінің жолын кесіп, олармен күресу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Мәселен, 2021 г. жылы мамандар 9 қылмыстық іс қозғап, жетеуін сотқа жіберген. Ал, былтыр 5, жыл басынан бері 3 іс сотқа жолданған.
МЕРЕКЕ ҚИЛЫБАЙ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ОТДЕЛЕНИЯ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Ел аумағында казино мен ойын автоматыда залрын Қапшағай сонимиен қатар, Ақмола облысын Щучинск а уданында орналастыруға ғана рұқсат етілген. Ал басқа аймақтарда ашу заңсыз болып табылады. Жедел ақпарат және қырағы азаматтардың көмегімен онлайн казинолар және басқа на терминалдардың қызметі тоқтатылады. Өзге құқық қорғау органдарымен бірге Ақтау қаласындағы 2 жасырын казино қызметін анықтадық және жойдық».
Құмар ойынға тәуелді кез келген адамға білікти мамандардың көмегі ауадай қажет. Сондықтан «Аманат» партиясында тәулік бойы көмек көрсететін колл орталық 3 жылдан бері жұмыс жасайды. Ондағы заңгерлер мен психологтар орталыққа түскен барлық сұраққа жауап береді.
РАУШАН АЙМУРЗА "АМАНАТ" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ОТБАСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Соны жан - жақты ақпараттауға кү ш жұмсаудамыз. Бийл октябрь айында республикалық колл центр қылып бөлді. Бұл кол центр 24 сағат бойы жұмыс жасайды».
Лудомания - дерт. Ал осы дертке шипа сұрау әлсіздик емес. Бұл аурудан айығу - құмар ойынға деген тәуелділіктен арылу, дейдін мамадар.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 581
https://www.youtube.com/embed/8-IsXiF0JOo?si=mmvAh2h8R8fNYlDe"
Адам жасушаларынан жасалған роботтар жайлы естідіңіз бе? АҚШ-та кішкентай биологиялық роботтар шығарылды. Оларды «Антробот» деп атайды. Ол сымдар мен микросұлбалардан емес, адам трахеясының жасушаларынан тұрады. Бірақ машина сияқты әрекет етеді.
ГИЗЕН ГУМУСКАЯ «АНТРОБОТТАР» ЗЕРТТЕУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ: Антроботтар - адам жасушаларынан жасалған алғашқы толық тірі биологиялық роботтар».
Зерттеушілердің айтуынша, бұл роботтар басқа жасушаларды емдеуге қабілетті екенін көрсетті. Бір күні олар жараларды емдеу немесе ісіктерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін. Гизен Гумуская - Бостондағы Тафтс университетінің «Антроботтар» зерттеу тобының мүшесі. Ол мұндай роботтардың қалай жасалатынын түсіндіріп берді.
ГИЗЕН ГУМУСКАЯ «АНТРОБОТТАР» ЗЕРТТЕУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ: «Кішкентай отырғызылған тұқым дамып, өсімдікке айналғаны сияқты, бұл биологиялық роботтардың әрқайсысы тұқымнан дамиды. Жасушадан тыс матрицаға отырғызылған бір адам жасушасы осы көп жасушалы қозғалғыш машинаға айналады».
Кірпікше деп аталатын кішкентай шаштар ұялы роботтардың қозғалуына көмектеседі.
ГИЗЕН ГУМУСКАЯ «АНТРОБОТТАР» ЗЕРТТЕУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ: «Біз өз мақаламызда антроботтар адамның зақымдалған жүйке жасушаларының қабатынан өтіп, үш күн ішінде жүйкелерді қалпына келтіре алатынын көрсеттік».
Мұндай жасушалық механизмдер жұлынның немесе көз торының нервтерінің зақымдалуын қалпына келтіру, рак клеткаларын тану немесе дәрі-дәрмектерді қажетті жерге жеткізу үшін қолданылмақ. Зерттеушілер бұл роботтардың генетикалық модификациясыз жасалғанын айтады. Олардың генетикалық құрылымы адам донорымен бірдей, тек басқа биологиялық архитектурасы бар.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 686
https://www.youtube.com/embed/Y14rfzVKUM4?si=49KoQzmgTDBdLWaS"
Қазақстан Республикасының қорғаушылар күніне орай бүгін Алматы қаласы бойынша «Адвокаттар сіздің құқықтарыңыз үшін» атты Республикалық акция өтті. Аталған шарада Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары кәсіби адвокаттардан ашық есік жағдайында тегін құқықтық кеңестер алды.
Мерекелері қарсаңында көпшілікке тегін кеңіс ұйымдастырған мамандар, ашық есік күнін таңның атысымен бастап кетті.Келушілердің қатары көп.
АЛЬБИНА БАХТИЯРҚЫЗЫ ЗАҢГЕР: «Осындай күнге орай біздің Алматы қалалық адвокаттар алқасының заң кеңестерінде халыққа тегін заң кеңестерін беру шарасы өтіп жатыр. Адвокаттардың жұмысы тікелей заңмен көзделген негіздерінде азаматтарға заң кеңестерін беріп тұрамыз. Бұл Алматы қаласы бойынша өтуде. Бүгін сағат 10:00 нан 13:00 аралығында барлық заң кеңестерінде тегін заң кеңесі көрсету шарасы өтіп жатыр. Барлық сұрақтар бойынша кез-келген азамат келіп жүгіне алады».
Қазақстан Республикасының конституциясындағыдай заңның үстемдігі бірінші кезекте,әркім егеменді еліміздің табысы мен гүлденуі жолында өз құқықтарыңызды білуге және білікті заң көмегін алуға құқылы деген маман иелері осы жолда аянбай тер төгіп жүрген әріптестерін мерекелерімен құттықтады.
ГҮЛНАР БАЙҒАЗИНА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «1997 жылы 5 желтоқсанда «Адвокаттық қызмет туралы» Бірінші Заң қабылданғанын жақсы білесіздер. Адвокатура институты құқықтық мәртебеге ие болды, кейін он сегізінші жылы екінші заң қабылданды, өткен жылы Әділет министрлігінің қолдаған шешімімен,Республикалық алқаның шешімінің арқасында кәсіби мерекеміз бар. Мен барша әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын,сіздерге зор денсаулық, табыс және адвокатура институтын одан әрі ілгерілету және нығайту үшін бәсекеге қабілетті маман болуды тілеймін. Өйткені адвокатура институты азаматтардың және осы білікті заң көмегін қажет ететін барлық адамдардың құқықтарын қорғаумен айналысатын жалғыз мекеме».
Еще материалы
Страница 173 из 234
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.